Грэпплингтен "KUZ OPEN" республикалық ашық турнирі
Atyrau, Kazakhstan
Atyrau, Kazakhstan
UWW Грэпплинг күресінен «ATYRAU KUZ OPEN» республикалық ашық турнирінің
ЕРЕЖЕСІ
1. Мақсаты мен міндеті
Салауатты емір салтын насихаттау
Облыс аймағында аталған спорт түрін дамыту, спортшылардың деңгейін көтеру
Облыс құрама командасын жасақтау және спортшылар арасында тежірибе алмасу
Атырау облысында Грэпплинг күресін кеңінен тарату.
2. Жарыстың өту тәртібі
Жарыс ағымдағы спорттық ережелерге сәйкес өткізіледі.
Төрешілер алкасы «UWW» United World Wrestling (Біріккен әлем куресі ) ережелерін
ұстанады.
Қатысушы команда құрамында 1 төреші мен 1 жауапты өкіл және жарысқа қатысатын
спортшылардың тізімі (дәрігердің рұқсаты бар тапсырыс қағазы ) болуы міндетті.
Тапсырыс қағаздары а .ж . қазан айының 23-не дейін жіберілу керек.
Тапсырыс қағаздары болмаған жағдайда, командалар жарысқа қатысуға рұқсат етілмейді.
Жарысты өткізу әр салмақтағы қатысушылар санына қарай, төрешілер алқасында шешіледі.
3. Өтетін орны, уақыты
Спортшылардың жарысқа келу күні, мандаттық комиссия, медициналық бақылау,
төрешілер алқасының отырысы: 24-казан сағат 17:00 дейін.
Салмақ өлшеу 24-қазан күні 10:00-13:00-дейін, Береке ықшам ауданы 33 үй "OSSMAN TEAM" спорт клубы
4. Салмақ категориялары, жас ерекшелігі
Кіші жеткіншектер: 2019-2020 ж.ж. салмақ 18, 21, 24, 27, 30, 34, 38, 42, +42 кг
Жеткіншек: 2017-2018 ж.ж. салмақ 21, 24, 27, 30, 34, 38, 42, 46, 46+ кг
Балалар: 2015-2016 ж.ж. салмақ 24, 27, 30, 34, 38, 42, 46, 50, +50 кг
Жасөспірім: 2013-2014 ж.ж. салмақ 27, 30, 34, 38, 42, 46, 50, 55, 55+ кг
Кадет: 2011-2012 салмақ 32, 35, 38, 42, 47, 53, 59, 66, 66+ кг
Жастар: 2009-2010 ж.ж. салмақ 42, 46, 50, 54, 58, 63, 69, 76, 76+ кг
Ересек: 18 жастан жоғары : салмақ 58, 62, 66, 71, 77, 84, 92, 130 кг
5. Спортшылардың бірыңғай киімі
"NO-GI" - бөлімі бойынша өтеді. Киім үлгісі: қалтасыз шолақ шалбар, рашгард, (қызыл
түсті және көк түсті ) болуы міндетті.
6. Жарысқа басшылық ету және ұйымдастырушылар
Атырау облысы UWW Грэпплинг күресі федерациясы басшылықтарына алады , жарысты өткізу төрешілер алқасына тапсырылады.
7. Марапаттау
Женімпаздар мен жүлдегер спортшылар арнайы медальдармен марапатталады.
Осы ереже жарысқа шақыру болып табылады.
Стандартты төлеу 12 мың, кешігіп төлеу 15 мың (салмақ ауыстыруға айыппұл 2 мың)
775 0570841 Амалия А. тіркелгеннен кейін төлем жасап, Whatsapp арқылы қатысушының аты жөні мен туған жылын жазып жібересіз.
More BJJ in Atyrau
Find more competitions and academies in the area.